Өнер • Бүгін, 13:00

«Астана Опера» елордалықтарға «Риголетто» қойылымын ұсынады

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әлемдік опера сахнасының төрінде атақты композитор Джузеппе Вердидің  «Риголетто» қойылымы ең үздіктердің қатарында. «Риголетто» әлемдік репертуардың ең танымал операларының қатарына жатады. «Астана Опера» театры қазан айының 3-нен бастап қатарынан үш күн осы әлемдік деңгейдегі ғажайып туындыны елордалықтарға, қала қонақтарының назарына ранцуз режиссері Арно Бернардың жаңа қойылымында және қоюшы дирижер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың басшылығымен ұсынып отыр.

«Астана Опера» елордалықтарға «Риголетто» қойылымын ұсынады

Кеше театрда «Риголетто» премьерасының өтуіне орай өнер ұжымының журналистермен арнайы баспасөз мәслихаты өтті.

Елордада өткен премьераның басты ерекшелігі неде? Оған дүниежүзілік өнер сахналарында жарқырай танылған майталмандардың қатысуы  айрықша ете түседі. Оның бірі – оңтүстік кореялық баритон Чжунхек Феликс Пактың қатысуы.

э

Баспасөз мәслихаты кезінде спикерлер осы операның патша көңілді көрерменнің жүрегіне жетуі үшін өзге туындыларға ұқсамайтын ерекшелігін, қарама-қайшылыққа толы қызықты сюжетін, партияларды орындаған өнер майталмандарының үлкен сахнадағы орасан еңбегін айрықша атап өтті.

э

«Риголеттодай» сирек, күрделі операның «Астана  Опера» сахнасында қойылуы – өнер кеңістігіндегі елеулі оқиғаның бірі. Музыкасы мен қойылымы, жарқын костюмдері үйлескен, шын мәнінде сахна жұлдыздары жарқыраған опералық шығарма – тек театрдың ғана емес, әлемдік мәдениеттің ең елеулі оқиғаларының бірі едім, сондықтан да астаналық көрермендерді, қонақтарымызды осындай бақытты сәтке бөлегіміз келді, тағы бір керемет туындымызбен қуантқымыз келді», деді «Астана Опера» директоры Александр Совостьянов.

ж

«Джузеппе Верди шығармадағы әрбір партитураны, әрбір нотаны қанымен, жанымен жазған таңғажайып маэстро. Оның шырқалған әрбір әуені адамзатты тұңғиық, терең ізденіске, биік мақсаттарға жетелейді. Шығарма сонысымен де құнды», дейді қоюшы дирижер, «Астана Операның» бас дирижері Алан Бөрібаев.

Қоюшы режиссер Арно Бернардың айтуынша, «Екі сағаттан астам уақытқа созылатын шығарманы тыңдаған, көрермені болған адамның жан дүниесінде өзгерістер болып, тылсым күй кешеді, өнердің құдіреттілігі сондай, тамағыңа ащы өксік тіреледі»  деп ақтарылды.

Декорациялар бойынша суретші Риккардо Масирони, костюмдер бойынша суретші Анна Верде операны қою барысында кездескен шығармашылық процесс туралы қызықты айтып өтті.

Премьераның алдын ала көрсетілімі кезінде Риголетто партиясын орындаушы, «Астана Опера» театрындағы опера труппасының директоры Талғат Мұсабаев пен Герцог партиясын орындаушы, опера солисі Жан Тапиннің сахнадағы жарқын бейнесіне, биік өнердің салтанатына тағы да куә болып, әлемдік шедевр дүниенің қазақ сахнасында үйлесім тапқанына қуанып қайттық. Бекзат өнердің өміршеңдігін сезіндік.

 

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ.