Қоғам • Бүгін, 14:00

Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ол бір жыл бұрын Қазақстанда алғашқы өңірлік кеңсе ашылғанын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Павел Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді

«Бір жыл бұрын Қазақстанда біздің алғашқы өңірлік кеңсемізді аштық, қол жеткізген нәтижелерге өте қуаныштымыз. Бүгін біз Alem.ai ғимаратында жасанды интеллект зертханасын іске қосып отырмыз. Ең алдымен, біз Telegram мен Қазақстанның Жасанды интеллект министрлігі құрған суперкомпьютерлік кластер арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырамыз. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желіге есептеу қуатын жеткізетін алғашқы ірі серіктес болады деп сенеміз», деді ол.

Жаңа зертхана Alem.ai халықаралық орталығы базасында орналасқан. Жоба аясында Telegram мен қазақстандық суперкомпьютерлік инфрақұрылым жасанды интеллектті кеңінен әрі қауіпсіз қолдануға жағдай жасамақ.