
Атап айтқанда, Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған атаулы ғимарат та «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми ақпарат жоқ.
- Әрбір азаматтың өз пікірін білдіруге құқығы бар. Алайда жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, соның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар тарап жатыр. Мұндай мәліметтер қоғамда мемлекеттік органдар мен ұлттық мәдени мекемелерге деген сенімсіздік тудыруы мүмкін.
Осыған байланысты «Қазақфильм» азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады, - делінген ақпаратта.