
Комитеттің ресми ақпаратына сәйкес, оқиға Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық бөлімшесінде болған.
Мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша, сарбаздың өліміне менингококцемия – ағзаға тез тарайтын және ауыр өтетін жұқпалы инфекция – себеп болуы мүмкін.
«Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік тексеріс тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.
Қазір ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Оқиғаның нақты мән-жайы мен себептері қызметтік тергеу нәтижесінде анықталатын болады.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қаза тапқан сарбаздың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
«Біз марқұмның отбасы мен туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қызмет бабындағы әрбір жауынгердің өмірі біз үшін қымбат», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.