
Фото: Ашық дереккөз
Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау нысандары құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 880 млн. теңге бөлінгені осының дәлелі.
Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлытау ауданы және Жаңаарқа ауданындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін жеті нысанның құрылысына жұмсалды.
Атап айтқанда, Ақтүбек және Кеңгір ауылдарында жаңа екі дәрігерлік амбулатория салынды. Сондай-ақ Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ және Егінді ауылдарында бес медициналық пункттің құрылыс жұмысы жүріп жатыр.
Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Аталған жобаларды жүзеге асыру ауыл тұрғындарының дер кезінде медициналық көмекке жүгінуіне мүмкіндік береді.
Ұлытау облысы