Спорт • Бүгін, 12:40

Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан әртістік жүзуден Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль иеленді

фото: olympic.kz

Жекелей сайыста (еркін бағдарлама) қазақстандықтар екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Карина Магрупова мен Виктор Друзин жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ қазақстандықтар аралас жұптар арасындағы (еркін бағдарлама) сайыста да көзге түсті. Наргиз Болатова мен Виктор Друзин қола жүлдеге ие болды.