Мәдениет • Бүгін, 15:40

Оңтүстік Кореяда қазақ мәдениеті таныстырылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кванджу және Сеул қалаларында өткен іс-шаралар аясында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы жарқын концерттік бағдарламасын, ал «Tarbiya» бренді дәстүрлі қазақ киімдерінің коллекциясын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік Кореяда қазақ мәдениеті таныстырылды

Аталған іс-шаралар Азия мәдени орталығы, Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығы және Орталық Азия – Корея Республикасы достық ассоциациясының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараларға Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гук, Азия мәдени орталығының Президенті Ким Санг Ук, Орталық Азия – Корея Республикасы достық ассоциациясының Президенті Ли Ок Рён және Орталық Азия елдерінің Елшілері қатысты.

х

Өзінің сөзінде Қазақстан Елшісі Нұрғали Арыстанов Орталық Азия елдері мен Корея арасындағы мәдени байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мұндай іс-шаралар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты нығайтуға ықпал ететінін айтты.

Сонымен қатар, қазақ дипломаты саяси және парламенттік диалогтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылы Сеулде өтетін Орталық Азия – Корея Республикасы Саммитіне қатысу жоспарларын еске салды.

з

Өз кезегінде, Орталық Азия – Корея Республикасы ынтымақтастық форумы Хатшылығының Атқарушы директоры Ли Чон Гук өңірлер арасындағы мәдени алмасудың белсенді дамып келе жатқанын атап өтіп, мұндай бастамалар халықтарға бір-бірінің бай мұрасы мен дәстүрлерін жақынырақ танып-білуге ықпал ететінін айтты.

Азия мәдени орталығының Президенті Ким Санг Ук мәдени алмасудың деңгейін жоғары бағалап, мұндай бастамалардың Азия халықтарының бір-бірін жақынырақ танып-білуіне және хабардарлықты арттыруға көмектесетінін тілге тиек етті.

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының мүшелері қазақтың күйлері мен халық әндерін асқан шеберлікпен орындады. «Tarbiya» брендінің дәстүр мен заманауи стильді үйлестірген ұлттық киімдер коллекциясыда көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды. Фэшн-шоу қонақтарға Қазақстанның бай мәдени мұрасы мен жанды энергиясын сезінуге мүмкіндік берді.

Қазақ өнерпаздарының орындаулары мен дәстүрлі киімдер көрсетілімі корей аудиториясында үлкен қызығушылық тудырып, жоғары баға алды. Бұл іс-шара өзара мәдени байытудың жарқын үлгісі болып, Қазақстан мен Корея арасындағы гуманитарлық байланыстарды нығайтуға елеулі үлес қосты.