АСТАНА. 19 ақпан. Бас прокурор Асхат Дауылбаев АҚШ-та жұмыс сапарымен болды. Ол АҚШ Мемлекеттік хатшысының айрықша тапсырмалары жөніндегі кеңесшісі Томас Шэннонмен және Есірткімен күрес жөніндегі басқарма Директоры Мишель Леонхартпен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік хатшысының кеңесшісімен өткізілген келіссөз барысында Бас прокурор қазақстандық прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіпті, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Сонымен қатар, еліміздің Бас прокуратурасының америкалық құзырлы органдармен өзара ынтымақтастық қағидасы негізінде қылмысқа қарсы әрекет ету, қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық көмек көрсету және қылмыскерлерді ұстап беру саласындағы белсенді жұмыстары атап өтілді.
Сұхбаттасушылар қазіргі әлемнің жаһандық қауіп-қатерлеріне қарсы тұру мақсатында екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты бұдан әрі жалғастыруға қатысты пікір алмасты. Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, адам құқықтарын қорғау салаларындағы өзара әрекеттестікке байланысты мәселелер қарастырылып, сондай-ақ экстремизмге қарсы күресте ортақ шешімдер және бірлескен шаралар әзірлеуге бірегей мүмкіндік туғызады деп күтіліп отырған алда өтетін Саммит жұмысы туралы да сөз қозғалды.
Шарттық-құқықтық негізді кеңейту және нығайту мәселесі сұхбаттың дербес тақырыбына айналды. Қол қоюға дайындаудың ең соңғы кезеңін өткеріп жатқан Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы екі ел арасындағы шартты жасасу Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының құқықтық ынтымақтастығын дамытуда айрықша серпін беретінін тараптар атап айтты.
Есірткімен күрес жөніндегі басқарма директорымен болған кездесу барысында есірткі саудасына қарсы күрестегі екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланып, есірткі транзиті мен жеткізу жолдарын анықтау жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері атап өтілді.
А.Дауылбаев Нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес жөніндегі салалық бағдарламаны іске асыру аясында заңсыз есірткі айналымына қарсы әрекет ету бойынша елімізде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді, сонымен қатар Қазақстанның құқық қорғау және арнайы қызметі қызметкерлері үшін Квантико қаласында орналасқан Есірткімен күрес жөніндегі басқарма академиясында оқу семинарлары мен тренингтерін өткізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сұхбаттасушылар трансұлттық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша одан әрі күш жұмылдыруға, сондай-ақ осы салада жедел ақпарат, тәжірибе және заңнама алмасуға дайын екендіктерін баса айтты.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58