Оқиға • Бүгін, 10:11

«Ақтөбе U-16» командасының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

QJ league турнирінде ойнайтын «Ақтөбе U-16» командасының 15-жастағы футболшысы Арон Мұса өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе U-16» командасының 15 жастағы ойыншысы қаза тапты

Фото: fcaktobe_official / instagram

«Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», делінген хабарламада.

Футбол клубы Арон Мұсаның осы маусымда ақтөбелік жастар құрамасында алты ойын өткізіп, бір нәтижелі пас бергенін атап өтті.