Аймақтар • Бүгін, 15:46

Қызылордада үшем дүниеге келді

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 жастағы қала тұрғыны Әсел Сабырбаева Хадия, Хафиз, Хамза есімді үшемді дүниеге әкелді. Қызылордалық келіншектің бұл алғаш ана атануы, деп жазады Egemen.kz

Қызылордада үшем дүниеге келді

Фото: Қызылорда облысының көпбейінді облыстық ауруханасы

Жас ананы Акушерлік бөлім меңгерушісі Ержанова Арман Иманғалиқызы мен акушер-гинеколог Қосназарова Фатима Алиасқарқызы босандырған. Нәрестелердің туғандағы салмағы қыз бала 1996 грам, ер бала 1938 грам, үшінші ер бала 1918 грам болған.

«Жүктіліктің 35 аптасында мерзімінен бұрын босанды. Нәрестелердің туылған кезде жағдайы ауыр болды. Жансақтау бөліміне алынып, 2 күн аппаратта жатты. Өкпелерін дамыту үшін дәрі берілді. Қазіргі таңда нәрестелердің жағдайлары тұрақты, ана сүтімен қөректеніп, анасымен бірге палатада жатыр», деді  жаңа туған нәрестелердің реанимация және патология бөлімшесінің меңгерушісі Индира Бекжанова.

пп