Қоғам • Бүгін, 12:12

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша онлайн мәжіліс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мектептер мен балабақшалардағы қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Мұсаханның төрағалығымен өткен жиынға қаланың барлық жеке және мемлекеттік білім беру мекемелерінің бірінші басшылары қатысты.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының – Полиция департаментінің (ПД), Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің (ҰҚКД) өкілдері қатысты.

Оқушылардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ету уәкілетті органдар қабылдайтын іс-шаралар жүйесін қамтиды.

Кеңесте білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Олар:
• мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы;
• антитеррорлық қорғаныс шараларын қамтамасыз ету және күзет қызметтерімен өзара іс-қимыл;
• терроризм қатері туындаған жағдайдағы бастапқы іс-қимылдар бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізу;
• терроризмге қарсы қорғаныс паспорттары мен нұсқаулықтары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ терроризм актілері туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік мәселелері;
• 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрықтың 6-тарауының талаптарына сәйкес дыбыстық хабарлау және дауыс хабарламаларын тарату жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын тексеру және қамтамасыз ету мәселелері.

Сондай-ақ қауіпсіздікті жақсарту және нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланды, сондай-ақ одан әрі іс-қимылдар үшін ұсыныстар әзірленді.

Білім беру объектілеріндегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында басқарма осы бағыттағы қауіпсіздікті жақсартуға және нығайтуға бағытталған іс-шараларды ұдайы жүргізетін болады.