Заң • 20 Қазан, 2025

ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Олар Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдікке іліккен, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да депутат қаржы жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр

Фото: depositphotos.com

Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар. Олардың заңсыз әрекетінің салдарынан 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам адам тұратын 7 ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген.

Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Күдіктілер байланысы бар компаниялар арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырылған.

«Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды», делінген ҚМА хабарламасында.

Қазір оларға қатысты тергеу жалғасып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған. 

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35