Ауыл • Бүгін, 07:55

Ауылдағы ерекше күн

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың алтын тамыры, дәстүр мен құндылықтың қайнар көзі ауыл өмірінің шынайы болмысын көрсетіп, ұлттық ойындарды кеңінен насихаттауды мақсат еткен Қазығұрт ауданы әкімдігі реалити-шоу ­сайысын өткізді.

Ауылдағы ерекше күн

«Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Ауылдағы бір күнім» тақырыбымен өткен сайыс­та ауданға қарасты 13 ауылдық округтен келген қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, өзара бақ сынасты. Ереже бойынша ер жігіттер садақ ату, асық ату, қазақ күресі, мас-рестлинг (таяқ тартыс), алыптар сайысы және арқан тарту сынды ұлттық ойын түрлерінен күш сынасты. Ал қыз-келіншектер қауымы арасында табаға нан жабу, қамыр жаю, кеспе кесу, талқаннан жент жасау, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу бойынша сайыстар өтті.

а

Қатысушылар ауыл өмірінің сәні мен салтын көрсетіп, өз өнері мен шеберліктерін көрсетті. Кө­рермендер қазақтың ұлттық ойындары мен тағам дәстүрлеріне қанығып, ауыл тіршілігінің әсем көрінісін тамашалады. Қазылар алқасы­ның шешімімен Тұрбат ауылы округі командасы жеңімпаз танылса, екінші орынды Қарабау ауылы округі, үшінші орынды Қазығұрт ауылы округі иеленді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов үздік деп танылған команда­ларға арнайы диплом, алғысхат және бағалы сыйлықтар табыс етті.

ап

 

Түркістан облысы