Тағайындау • Бүгін, 00:27

Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысы Аягөз ауданы әкімінің орынбасары лауазымына елімізге белгілі балуан Айбек Нұғымаров тағайындалды, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Айбек Нұғымаров жаңа қызметке тағайындалды

Айбек Серікболұлы 1987 жылы 3 маусым күні Абай ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.

Ол Семей политехникалық колледжін «Заңгер» мамандығы бойынша, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Құқықтану магистрі (Еуразия ұлттық университеті).

Еңбек жолын 2010 жылы «Семей қаласы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резервтегі № 1 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінде» жаттықтырушы – оқытушы болып бастаған. 2013-2019 жылдары «ШҚО ДШС және Спорт басқармасының Бұқаралық спорт түрлерінен жоғарғы спорт шеберлігі мектебі» КММ аға нұсқаушы – әдіскер ретінде қызмет атқарды.

2019 жылдан бастап Семей қаласындағы Көлік колледжінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Қазақ күресінен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Дзюдо» бойынша спорт шебері, «САМБО» бойынша спорт шебері. Қазақ күресінен он дүркін Қазақстан чемпионы, төрт дүркін Азия чемпионы, «Әлем Кубогының» үш дүркін иегері, Қазақ күресінен Әлемнің төрт дүркін чемпионы, «Еуразия Барысы» халықаралық турнирінің төрт дүркін чемпионы, «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің үш дүркін чемпионы, «Қазақстан Барысы» турнирінің екі дүркін чемпионы.

Республикалық саяси кеңестің мүшесі, «AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, VII, VIII шақырылған Абай облыстық мәслихат депутаты болған.

Бірқатар мемлекеттік награда мен жоғары дәрежелі марапаттары бар.

Абай облысы