«Таза Қазақстан» • 24 Қазан, 2025

45 күндік тазалық челленджі

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жаңа ауқымды әлеуметтік-экологиялық жоба – «Таза Маңғыстау» тақырыбымен 45 күндік челлендж өтіп жатыр.

45 күндік тазалық челленджі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Іс-шара барысында тазалық, абаттандыру бағытындағы жұмыс жалғасын табады. Ақтау қаласында «Mangistau Energo Munay» ЖШС «1 адам – 5 ағаш» экологиялық эстафетасын бастады. Өңірдің орман қорын көбейтіп, қоғамда экология­лық мәдениетті қалыптастыру мақса­тындағы акцияға компанияның 40-қа жуық қызметкері қатысып, жергілікті климатқа бейімделген акация, вязь, қараағаш, сафора ағаштарын екті. Алғашқы кезеңде олар «Президент паркі» аумағына 100 түп ағаш отыр­ғызды.

– Бұл бастама тек бір күндік іс-шара емес, біз оны тұрақты дәстүрге айналдыруды көздеп отырмыз. Эстафетаны өзге мекемелерге жолдап, Ақтаудың әр аймағында ағаш егу ісін жалғастырамыз. Жалпы, саябақ аумағында, Қаламқас, Жетібай учаскелерінің айналасында 1 000 түп ағаш отырғызу жоспарланған, – деді «Mangistau Energo Munay» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қуанбек Биғалиев.

Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында да қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру бағытындағы жұмыс жүйелі жүзеге асып жатыр. Тәуелсіздік алаңы саябағында 30-ға жуық ағаш көшеті отырғызылды, «TengeOilGas» ЖШС-ның демеушілігімен Теңге ауы­лы аумағында ағаш егуге ұзын­дығы 500 метр жер белгіленді. Ал­дағы уақытта бұл жерге серіктестік екі қатар ағаш көшеттерін отырғызады.

– Шара ауылдың экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындарға таза әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған, – дейді Теңге ауылының әкімі Ж.Агисов.

 

Маңғыстау облысы 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше