Республика күні • 26 Қазан, 2025

«Жаңа адамдар» қозғалысы Республика күнімен құттықтады

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күні қарсаңында «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы ел азаматтарына арналған құттықтауын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

«Жаңа адамдар» қозғалысы Республика күнімен құттықтады

Қозғалыс өкілдері бұл мерекені ел тағдырын өз қолына алған, өзгерістерге бастамашы жаңа буынның күні деп атады.

«Біздің әрқайсымыз — еліміздің бір бөлшегіміз. Бірі рингте күреседі, бірі сахнадан шабыт береді. Бірі сурет салады, бірі бейнеге түсіреді. Әркім өз ісімен айналысады — бәріміз бірге Жаңа Әділетті Қазақстанды құрамыз», — делінген құттықтауда.

Ұйым жастарды ел болашағына немқұрайлы қарамай, өзінен басталатын жауапкершілікті сезінуге шақырды.

«Республика күні — жай ғана күнтізбедегі күн емес. Бұл — оны құрып жатқан адамдардың күні. Бұл — біз, жауапкершілікті өз мойнымызға алып, әрекет етіп, өзгерістерді өзімізден бастауымыз. Ел — басқа бір жерде емес екенін түсіну. Ел деген — біз. Бұл мен. Мен — Қазақстанмын», — деп атап өтті қозғалыс өкілдері.