Фото: istockphoto.com
Кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Ал елдің солтүстік, солтүстік-батыс және орталық бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз күн райы сақталады.
Түнде және таңертең кей аймақтарды тұман басуы ықтимал. Батыс пен оңтүстікте ауа температурасы төмендеп, күн салқындайды — +9…+17°С шамасында болады.
Астана қаласында бүгін күн бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз, күндіз +9…+11 °C, түнде –1…–3 °C. Ал, Алматыда ауа температурасы күндіз +16…+18 °C, түнде +8…+10 °C, кей жерлерде жауын жауады. Шымкентте күн жылырақ — +21…+23 °C, түнде +9…+11 °C шамасында, кей уақытта жаңбыр жаууы ықтимал.
Сонымен қатар метеорологтар қолайсыз ауа райы жағдайлары Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Семей, Астана және түнгі уақытта Атырау қалаларында байқалуы мүмкін екенін ескертті.