Фото: Видеодан алынған кадр
Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 28 қазан күні сағат 09:03-те Ақтаудың 32-шағын ауданындағы «Азия» тұрғын үй кешеніне қарасты №83 үйдің жертөлесінде болған.
Оқиға орнына бірден 11 құтқарушы мен төрт арнайы техника жіберілген.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарылыс кезінде үш ересек адам және 2010 және 2015 жылы туған екі бала түрлі дәрежеде жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында.