Қоғам • 29 Қазан, 2025

Түрік әлемі танитын болады

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің «Міржақып Дулат­ұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.

Түрік әлемі танитын болады

Кітаптың тұсаукесері Ыстан­бұл қаласында ерекше ілтипатпен өтті.  Абай атын­дағы мектепте, университетте, Қазақ қоры қоғамында, орталық кітапханада, республикалық музейде таныстырылды.

Абай мектебіндегі іс-ша­раға Ыстанбұлдағы Бас консулымыз Нұриддин Аманқұл қатысып, Алаш арысының түркі дүниесіне қатысты терең ойларын кеңінен тарқатты. Сондай-ақ ол жазушының Абай туралы еңбектерінен тағылымды үзінділер оқыды.

Іс-шара барысында оқу­шы­лар Абай мен Міржақып шы­ғар­машылығына арналған сұ­рақ-жауапқа белсене қаты­сып, білім мен ізденіс дең­гейін танытты. Еске сала кете­йік, кітаптың түрік тілінде жа­рық көруіне демеушілік көр­сеткен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.

Соңғы жаңалықтар

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15

Абат елдің айшықты бедері

Экономика • Бүгін, 09:02

ЮНЕСКО тізіміне енеді

Саясат • Бүгін, 09:02

Азаттықтың арқауы әділет

Тәуелсіздік • Бүгін, 09:00

Тарихи-танымдық байқау

Руханият • Бүгін, 08:50

Үздіктер анықталды

Спорт • Бүгін, 08:45

Шаңғы маусымы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Тылсым түйсік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30