Фото: Ақорда
Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.