ӨСКЕМЕН. 21 наурыз. Шығыс Қазақстан облыстық сотында жаңа төраға Досжан Сарманқұлұлы Әміровты таныстыруға арналған салтанатты жиын өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жаңа басшыны Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин таныстырды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, облыстың сот корпусы, өңірдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.
Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы А.Рахметулин оның өмірбаянымен және еңбек өтілімен таныстырды.
Досжан Сарманқұлұлы Әміров Қарағанды облысы Теміртау қалалық сотының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, Астана қаласы қылмыстық істер алқасының төрағасы, Жамбыл облыстық соты апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметтерін атқарған. 2011 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалған.
– Досжан Сарманқұлұлы сот саласында көпжылдық еңбегі бар, принципшіл, еліміздің сот жүйесінің беделін көтеруге ауқымды үлес қосқан кәнігі маман. Алдағы уақытта да әділдіктің ақ жолында аянбай еңбек етеді деген сенімдемін, – деді А.Рахметулин.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
• 21 Наурыз, 2015
Шығыс Қазақстанда облыстық сот төрағасы тағайындалды

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше