Оқиға • Бүгін, 10:10

Сарбаздар әскери ант қабылдады

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қараша айының бірінші жексенбісінде шекарашылар сапын толықтырған 350-ге тарта сарбаз отанымызға адал қызмет етуге ант берді. Мұндай рәсімді алғашқы болып ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы өткізді.

Сарбаздар әскери ант қабылдады

Шара шекара басқармасының бастығы полковник Нұртай Сахиевтің департамент басшысы полковник Әлібек Қаюповқа «Күз-2025» шақырылымы сарбаздарының ант қабылдау үшін сапқа тұрғызылғанын баяндауынан басталды. Аты-жөні аталысымен ортаға шыққан әр сарбаздың қимыл-қозғалысын олардың ата-аналары, туыстары, достары қалт жібермей бақылады. Ал біз сарбаз аналарының бірін сөзге тартқан едік. Ақерке Аралбаева бүгінгі рәсімге қатысу үшін Алматы облысы, Қарасай ауданының Қырғауылды ауылынан келіпті.

1

«Ұлым жаңа ғана көз алдымда ант қабылдады. Құлынымды әскери орта өзгертіпті, есейген. Анамын ғой, өзін әскерге шығарып салғалы уайымдап едім. Жақсы жерге түскенін көріп, қатты қуанып тұрмын», деді.

2

Сондай-ақ ол өзі ұстаздық ететін мектепте «Жас шекарашы» әскери-патриоттық клубы ашылып жұмыс істей бастағанына біраз уақыт болғанын, енді рәсімнен кейін жас патриоттармен әңгіме сағатын өткізіп, бүгінгі шара туралы айтып беретінін толғана жеткізді.

4

ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департамент бастығы полковник Әлібек Қаюпов, Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары Ерасыл Толымбекұлы, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалының төрағасы, запастағы полковник Серік Қамышев, ата-аналар атынан Бұлбұлхан Баймәдиева әскери өмірдің алғашқы әліппесімен танысып, саппен жүрудің әдіс-тәсілін терең меңгерген жауынгерлерді құттықтап, отан шебіндегі қызметтеріне сәттілік тіледі.

5

Отан алдындағы азаматтық борышын ел шебінде өтеу кезінде қызметтік-жауынгерлік іс-әрекеттің үздігі атанған «Күз-2024» шақырылымының 20 сарбазына департамент басшысы өздері қалаған жоғары оқу орындарының сертификатын салтанатты жағдайда табыс етіп, шекара қорғаудағы адал қызметтеріне алғыс айтты.

 

Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА,

ҰҚК Шекара қызметінің запастағы подполковнигі