Қаржы • 04 Қараша, 2025

Елімізде қанша адам айына 150 мың теңгеден аз жалақы алады?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы дерек бойынша Қазақстандағы медианалық жалақы 317 512 теңгені құрады. Бұл – жұмысшылардың жартысы осы сомадан аз, ал екінші жартысы одан көп табыс табады дегенді білдіреді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде қанша адам айына 150 мың теңгеден аз жалақы алады?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елдегі қызметкерлердің жалақысы келесі аралықтарда бөлінген:

  • 54 пайыздан астамы немесе 1 миллионнан астам адам айына 300 мың теңгеден жоғары табыс алады;
  • 32,5 пайызы (шамамен 1 миллион адам) айына 150–300 мың теңге аралығында табады;
  • 10,5 пайызы (350 мың адам) айына 100–150 мың теңге көлемінде жалақы алады;
  • 3,3 пайызы (шамамен 110 мың адам) айына 100 мың теңгеден аз табыс табады.

Осылайша, Қазақстанда 150 мың теңгеден аз жалақы алатындардың үлесі шамамен 13,8 пайызды, яғни 460 мың адамды құрайды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша орташа айлық жалақы 405 416 теңге болды. Бұл көрсеткіш бір жылда атаулы түрде 11 пайызға, ал нақты өсім 2,4 пайызға артқанын көрсетеді. Ал медианалық жалақы бір жылда 11 пайызға өссе де, нақты мәнінде небәрі 0,4 пайызға ғана жоғарылаған.

Медианалық жалақы – халықтың нақты табысын дәлірек сипаттайтын көрсеткіш, өйткені ол ең төмен және ең жоғары жалақылардың әсерін азайтады.