Енді Алатау қаласының тұрғындары ХҚКО-на бармас бұрын өздеріне ыңғайлы уақытты таңдап, онлайн түрде кезек талондарын алдын ала брондай алады.
Бұл жаңашылдық қызмет көрсету процесін барынша жылдам, әрі тиімді етуге бағытталған.
Кезек талондарын брондау тәсілдері:
- "ХҚКО" мобильді қосымшасы арқылы;
- Электронды үкімет порталы арқылы;
Брондау расталғаны туралы хабарлама 1414 нөмірінен SMS түрінде жіберіледі.
Ал, дайын құжаттарды беру және өзіне - өзі қызмет көрсету секторындағы қызметтер бұрынғыдай алдын ала жазылусыз көрсетіледі.
Бұл пилоттық жоба халыққа қызмет көрсетудің тиімділігін арттыруды, азаматтарға қолайлы жағдай жасауды және қызмет алуды барынша қолжетімді етуді көздейді.