Технология • Бүгін, 12:37

ChatGPT енді медицина, құқық және қаржы салаларына қатысты кеңес бермейді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

OpenAI компаниясы ChatGPT қызметіне жаңа шектеулер енгізді. Енді нейрожелі медицина, құқық және қаржы салалары бойынша нақты кеңес ұсынбайды, деп жазады Egemen.kz. 

ChatGPT енді медицина, құқық және қаржы салаларына қатысты кеңес бермейді

Фото: businessinsider.com

Оның орнына жалпы қағидаттарды түсіндіріп, механизмдерді сипаттайды. Қолданушыларды саланың мамандарына дәрігерге, заңгерге немесе қаржылық кеңесшіге жүгінуге үндейді.

Жаңа ережелерге сәйкес, ChatGPT дәрі-дәрмек рецепін, препараттардың атауларын және дозаларын ұсынбайды. Сондай-ақ сот талаптарының үлгілерін немесе инвестициялық жоспарларды дайындап бермейді.

OpenAI-дың бұл шешімі пайдаланушылардың қауіпсіздігін арттырып, ЖИ-дің кәсіби кеңес беруші рөлін алмастыра алмайтынын түсіндіруге бағытталған.