Қоғам • Кеше

Мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері қанша жалақы алып жүр?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы жалақы айырмашылығы шамамен 30%, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік және жекеменшік сектор қызметкерлері қанша жалақы алып жүр?

Сарапшылардың мәліметінше, мемлекеттік секторда тарифтік кестелер мен бірыңғай нормативтер қолданылады, бұл қызметкерлерді икемді түрде ынталандыру мүмкіндігін шектейді.

Ал жекеменшік сектор, керісінше, кадр тапшылығына және нарық сұранысына тез бейімделіп, жалақы көлеміне тек біліктілікті ғана емес, адам капиталының құнын да қосады.

Tengenomika зерттеуіне сәйкес, орташа айлық жалақылар төмендегідей:

  • Мемлекеттік сектор – 335 574 теңге
  • Жекеменшік сектор – 468 130 теңге

Ең жоғары жалақыны 35–44 жас аралығындағы қазақстандықтар алады — 455 070 теңге.

45 жастан кейін табыс біртіндеп төмендейді, себебі бұл жастағы мамандардың көбі әкімшілік немесе аз жүктемелі қызметтерге ауысады.

Ал жастар (16–24 жас) орта есеппен 279 875 теңге алады — бұл ең жоғары жалақы алушылардан 1,6 есе аз.

Ең жоғары жалақы тіркелген салалар:

  • Су көлігі қызметі — 1 145 878 теңге
  • Компьютерлік бағдарламалау және IT-консалтинг — 1 218 397 теңге
  • Қаржы және сақтандыру саласындағы қосалқы қызметтер — 1 497 720 теңге
  • Холдингтік компаниялар мен басқару консалтингтері — 1 558 918 теңге

Ең төмен жалақы төленетін салалар:

  • Балық шаруашылығы мен балық өсіру — 158 154 теңге
  • Қауіпсіздік және тергеу қызметі — 201 679 теңге
  • Мектепке дейінгі білім беру — 206 707 теңге
  • Ветеринария — 229 363 теңге
  • Әлеуметтік қызмет көрсету (қамқорлық мекемелері) — 231 937 теңге

– Қазақстанда жалақы құрылымы барған сайын поляризацияланып барады. Жоғары табыстар негізінен қосылған құны жоғары салаларда шоғырланса, әлеуметтік және төмен өнімді қызмет түрлері орнында қалып отыр, – дейді сарапшылар.

Олардың пікірінше, егер бұл үрдіс тиімді еңбек саясаты арқылы реттелмесе, елде "ақыл мен қол еңбегі" арасындағы теңсіздік тереңдеп, зияткерлік еңбек бағаланып, ал физикалық еңбек құнсыздануы мүмкін.