Ауа райы • Кеше

Алдағы күндері Астананы боран, ал Алматыны тұман басады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 7-9 қараша аралығындағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы күндері Астананы боран, ал Алматыны тұман басады

фото: pexels

Астанада 7 қарашада ауа райы бұлтты болады, түнде қар, күндіз аралас жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтіледі. Боран мен көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде –2, –4°C, күндіз – шамамен 0°C.

8-9 қарашада да бұлтты ауа райы сақталады. Жауын-шашын, боран және көктайғақ болжанады. Температура түнде және күндіз шамамен 0°C шамасында болады.

Алматыда 7 қарашада бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде –6, –8°C, күндіз +0, +2°C.

8 қарашада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Температура түнде –0, –2°C, күндіз +8, +10°C.

9 қарашада – бұлтты, жауын-шашынсыз, температура түнде 0°C шамасында, күндіз +9,+11°C-қа дейін көтеріледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық үдерістер айтарлықтай өзгереді. Суық антициклонның орнын белсенді жылы циклон басады. Ол жауын-шашынды сақтап, сонымен қатар ауа температурасын жоғарылатады.