Ставкалар банк арқылы қабылданып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген.
Қаржылық операциялар туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген.
Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған.
«Сот үкімімен үш кінәлі тұлға 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мемлекет пайдасына 116 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен «ZEEKR» маркалы автокөлік тәркіленді», делінген ҚМА хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енді.
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатыр.
Айта кетейік, соңғы екі жылда 105 сотқа дейінгі тергеу тіркелген; 22 жасырын казино, 65 ойын залы және 441 терминал жойылды; «Кибербақылау» жүйесінде 33 мыңнан астам онлайн-казино сілтемелері бұғатталды; заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 166 адам сотталды.