Спорт • Кеше

Елімізде тұңғыш рет: Шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогі басталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шорт-тректен алғашқы жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі 2023 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде-ақ Қазақстан конькишілер одағы осы жарысты өткізуге алғашқылардың бірі болып өтінім берген еді. Нәтижесінде Халықаралық конькишілер одағы елімізге бір емес, қатарынан екі кезеңді сеніп тапсырды. Екі кезең де Астанада өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде тұңғыш рет: Шорт-тректен жасөспірімдер арасында Әлем кубогі басталды

Фото: ҰОК

Бүгін басталған аталған спорт түрінен Әлем кубогінің бірінші кезеңі 7-9 қарашада, ал екінші кезеңде осы айдың 13-15 күндері аралығында «Алау» мұз сарайында ұйымдастырылады.

Бірінші кезеңге әлемнің 22 елінен спортшылар қатысады. Жүлделер үшін Аустралия, Канада, Қытай, Франция, Венгрия, Жапония, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Германия, Индонезия, Гонконг, Сингапур, Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Италия, Жаңа Зеландия, Польша, Швейцария, Тайбэй, Нидерланд спортшылары бақ сынайды.

Ұлттық олимпиада комитеті Қазақстан құрамасының толық тізімін жариялады. Атап айтқанда, ел намысын қорғайтындар:

- Полина Омельчук

- Анастасия Галечина

- Райана Манарбекова

- Нұрия Алпысбай

- Гүлдана Жалмұхан

- Асылхан Қасымбек

- Мадияр Мадихов

- Павел Цой

- Богдан Вехов

- Тамирлан Жолдас

Астанадағы жарыста 500, 1000, 1500 метр қашықтықтарында (ұлдар мен қыздар арасында), сондай-ақ ерлер, әйелдер және аралас командалық эстафеталарда жүлделер сарапқа салынады.