Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Аталған жоба жас буынға жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре отырып, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті, адал азамат қалыптастыруға бағытталғаны мәлім.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, отандық білім беру ұйымдарында тәрбиенің біртұтас экожүйесін қалыптастыру мақсатында министрліктің ұйымдастыруымен педагогтер үшін семинар-тренигтер ұйымдастырылып жатыр. «Адал азамат» бастамасы бойынша 23 мыңнан астам педагог кәсіби дайындықтан өтті. Бұл іс-шара мектептерді әдістемелік қолдау, жобаның мәнін түсіндіру және өңірлерде тәжірибе алмасуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, педагогтер практикалық кейс-сессиялар мен тренингтер арқылы нақты іс-қимыл алгоритмдерін жасап, жұмыс жоспарларын әзірледі. Бұл тәжірибе ұстаздардың теориямен ғана шектелмей, нақты қадамдар арқылы тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруды меңгеруіне бағытталды.