Фото: Ulysmedia.kz
Соттың мәліметіне сүйенсек, Хасан Қасымбаев адам ұрлау, қасақана ауыр зиян келтіру, қорқытып ақша боспалау баптары бойынша сотталып отыр.
Хасан Қасымбаев пен оның төрт сыбайласынан екі адам зардап шеккен. Оның бірі - кәсіпкер Әріпжан Тәжиев болса, екіншісі фитнес-тренер – Арман Әлімов.
Сот «Хуторлық» деген лақап атқа ие Хасан Қасымбаев пен оның бес сыбайласының кінәлары толық дәлелденді деп тауып, оларды ұзақ жылға соттады.
Соның ішінде,
- қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болып танылған Хасан Қасымбеков 12 жылға;
- бұрын адам өлтіргені үшін сотталған Нұрмұхамет Сұлтановты 22 жылға;
- Мадияр Кәлімжановты 9 жылға;
- Сайлау Ақтановты 8,5 жылға;
- Данияр Асқаровты 8 жылға соттады.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы жасөспірім Шерзат Полаттың өлімінен кейін белгілі болған еді.