Алматы • Бүгін, 14:46

Алматыдағы Медеу ауданын жаңа жылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы Медеу ауданын жаңа жылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді

Фото: Depositphotos.com

Әкімнің сөзінше, конкурс көктем айларында өткен, себебі қаржы алдын ала бөлінген. Соның нәтижесінде шамамен 40 млн теңге үнемделіпті.

«Жаңажылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді. Оның 160 миллионы бойынша қолданыстағы келісімшарт бар. Тиісті келісімшарт жасалды. Процедураны ертерек өткізуіміздің арқасында безендіруге қажет элементтерді алдын ала тапсырыс бере алдық», деді Е.Оразалин.

Сонымен қатар, Медеу ауданында муралдар мен Шығыс айналма автожолының бойындағы аумақтар да безендірілмек.

«Біз безендіру элементтерін Жаңа жыл қарсаңында ғана емес, одан кейін де пайдалануға болатындай етіп таңдап алдық. Осылайша сапалы материалдарға алдын ала тапсырыс бердік. Қазір олардың барлығы дайын, ал орнату жұмыстарын келесі аптада бастаймыз. Дәстүр бойынша безендіру желтоқсанның ортасына қарай аяқталады», деп қосты аудан әкімі.