Өндіріс • 13 Қараша, 2025

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қараша айының соңында белгілі болады

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин Сенаттағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстандағы алғашқы АЭС атауы қараша айының соңында белгілі болады

Серғазиннің айтуынша, конкурсқа өтінімдер 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданды. 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 12:00-де eGov Mobile мобильді қосымшасында басталған байқауға 27 мыңнан астам адам қатысты.

«Конкурс комиссиясы өз отырысында шешім шығарып, нақты хабарлайды. Жақын арада, осы айдың соңына дейін белгілі болады», деді агенттік төрағасының орынбасары.

Бұған дейін агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев қазақстандықтардың алғашқы АЭС-ке қандай атаулар ұсынғанын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар