Өнер • Кеше

Өнерлі ұжым өрге басты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласының ерекше мәртебе алуына орай ұйым­дас­тырылған «Өнерлі өлке» атты облыстық фестиваль қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды. Облыстық мәде­ниет басқармасының ұйымдас­тыруымен өткен бұл айтулы іс-шара мамыр айынан баста­лып, өңірдің барлық аудан-қаласынан келген өнер ұжымдары өзара сынға түскен болатын.

Өнерлі ұжым өрге басты

Түркістанның туристік әле­уетін арттыру, өңірдегі шы­ғар­машылық иелеріне қол­дау көрсету мақсатында, ерекше фор­матта ұйымдастырылған «Өнерлі өл­ке» фестивалінде өнер ұжымдары ұлт­­тық құндылықтар мен заманауи өнер­­дің тамаша үйлесімін көрсетті. Соны­мен қатар ауылдық мәдениет үй­­лері мен клубтардың жұмысын жан­дандыру бағытында «Ауыл – мәде­ниет­тің бас­тауы» байқауы ұйым­дас­тырылған болатын. Үшінші рет өткен бай­қауға 115 ауылдық мәдениет үйі мен клубтары қатысып, үздіктері анықталды.

«Өнерлі өлке» фестивалінде қа­зы­­лар алқасының шешімімен бас жүл­деге ие болған Бәйдібек ауданы мен жүлделі орын алған Отырар және Мақтаарал ауданы өнерпаздары­на қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар берілді. Сондай-ақ «Ауыл – мәдениеттің бастауы» ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасында өткен облыстық байқау жеңімпаздары да марапатталды. Бас жүлдені Төлеби ауданы «Зертас» ауыл­дық мәдениет үйінің ұжымы иеленді. Үздік деп танылған ауылдық мә­дениет үйлері мен клубтарына арнайы жүлделер мен дипломдар табыс­талды. Салтанатты рәсімге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаз және жүлдегер аудан, қала өнер ұжымдарын марапаттады.

Айта кетелік, өңірде мәдени инфра­құрылымды дамыту бағытында биыл 4 мәдениет үйі пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 2 мәдениет нысанының құрылысы аяқталады.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар