Фотолар: Елорда әкімдігі
Барлығы 14 спортшы қатысқан Астана қаласы командасы жалпы командалық есепте екінші орын алды.
«Бұл додада алтын, күміс, қола алғандар халықаралық жарыстарға қатысады. Сондай-ақ ең басты мақсат – 2028 жылы боччадан паралимпиадаға қатысу. Паралимпиада ішінде көптеген спорт түрі бар. Жарыстар 4 күн бойы өтті. Олар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен марапатталады», деді марапаттау рәсіміндегі сөзінде Бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова.
Елорда әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, дүбірлі додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай облыстары, яғни 15 өңірден келген 120-ға жуық параспортшы қатысқан.
Бочча – доп ойыны, тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрінің бірі.

Қазақстанда бочча спортының ресми дамуы 2021 жылы басталды. Дәл сол жылы «Қазақстан Бочча Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, елімізді халықаралық аренада танытып, ұлттық чемпионаттар мен кубоктерді ұйымдастыруды қолға алды.