АСТАНА. 21 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының 4-тур ойындары өтуде. Әзірге екі ойынның нәтижесі белгілі. «Тараз» өз алаңында «Қайратты» жеңсе, Павлодарда «Ертіс» пен «Тобыл» тең ойнады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 1:0
Гол: Александр Пищур 29.
Ойындағы жалғыз гол 29-минутта соғылды. Жақып Қожамбердіден пас алған Александр Пищур «Қайрат» қақпашысы Владимир Плотниковтан айласын асырды. Бұл «Тараздың» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Ал «Қайрат» үшін бірінші жеңіліс.
Айта кетейік, матчтың 16-минутында қонақтардың бас жаттықтырушысы Владимир Вайсс ойыншы алмастыруға мәжбүр болды. «Тараз» футбол мектебінің түлегі Бауыржан Байтананың орнына Вайсс мырза Исаэл да Сильваны шығарды.
Келесі турда «Тараз» сырт алаңда «Ордабасымен» ойнаса, «Қайрат» Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдайды. Бұл ойындар 5 сәуірге жоспарланған.
«Ертіс» (Павлодар) – «Тобыл» (Қостанай) 1:1
Голдар: Григорий Сартаков 2 – Сергей Мошников 93.
Павлодардағы ойын аса тартысты өтті. Кездесудің 2-минутында-ақ алаң иелері алға шықты. Аристид Бансе берген пасты тиімді пайдаланған Григорий Сартаков командасын алға шығарды. Алғашқы гол кездесудің басында соғылса, жанкүйерлер екінші голға ойынның соңында куә болды. Төреші қосқан қосымша уақытта «Тобыл» ойыншысы Сергей Мошников командасын жеңілістен құтқарып қалды.
Бұл «Ертістің» осы маусымдағы үшінші тең ойыны. Ал «Тобыл» осыған дейін бір мәрте қарсыласымен ұпай бөліскен еді. Келесі турда павлодарлықтар Талдықорғанда жергілікті «Жетісумен» күш сынасады. Өз кезегінде «Тобыл» Қостанайда «Шахтерға» қарсы алаңға шығады.
Дәл қазір премьер-лиганың қалған төрт ойыны өтуде. «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасымен» ойын өткізуде. Әзірге есеп ашылған жоқ. Ал Атырауда «мұнайшылар» «Астанамен» тең ойнауда (1:1). Сондай-ақ, Көкшетауда өтіп жатқан «Оқжетпес» пен «Жетісу» арасындағы ойында алаң иелері алда келеді (1:0). Қызылорданың «Қайсарын» қабылдап жатқан «Шахтер» әзірге 0:1 есебімен есе жіберуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: fc-tobol.kz.
• 21 Наурыз, 2015
«Тараз» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасынан Қазақстан азаматы Түркияда мерт болды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Күнде қуатты жарылыстар тіркелді: Жерге әсері қандай болуы мүмкін?
Оқиға • Бүгін, 15:12
Жоғары сынып оқушылары емтихандарды қай күндері тапсыратыны белгілі болды
Мектеп • Бүгін, 14:41
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Бүгін, 14:09
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Бүгін, 14:00
Пікір • Бүгін, 13:45
Қоғам • Бүгін, 13:30
Digital • Бүгін, 13:10
Төлеутай Рахымбеков «Ауыл» партиясынан шықты
Оқиға • Бүгін, 12:55
Digital • Бүгін, 12:30
Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады
Президент • Бүгін, 12:26
Рыбакина WTA 1000 турнирінде Плишковамен кездеседі
Теннис • Бүгін, 11:59
Норвегияда 6 жасар бала 1300 жыл бұрынғы викинг қылышын тауып алған
Әлем • Бүгін, 11:30
Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33