Әлем • Бүгін, 16:31

АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатты: Созылмалы аурулары бар өтініш берушілерге талап күшейді

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Өткен аптада АҚШ-та шетелдіктерге тұрақты тұруға мүмкіндік беретін визаларды беру тәртібіне өзгерістер енгізілді. NDTV мәліметінше, жаңа ережелерге сай егер өтініш беруші созылмалы дерттермен ауыратын болса, мәселен, семіздік немесе диабет сияқты жағдайлар анықталса, бұл виза беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатты: Созылмалы аурулары бар өтініш берушілерге талап күшейді

Фото: Ашық дереккөз

Бұл жөнінде АҚШ Мемлекеттік департаменті арнайы нұсқаулық шығарған. Ведомство созылмалы аурулары бар адамдар болашақта мемлекет ресурстарын көп қажет етуі мүмкін деп есептейді. KFF Health News хабарлауынша, жаңартылған нұсқаулар АҚШ-тың шетелдегі елшілік өкілдіктеріне жіберілген.

«Өтініш берушінің денсаулық жағдайын ескеру қажет. Жүрек-қан тамыр аурулары, тыныс алу жүйесі аурулары, онкологиялық дерттер, диабет, зат алмасу бұзылыстары, неврологиялық және психикалық аурулар емдеуге жүздеген мың доллар шығынды талап етуі мүмкін», делінген құжатта.

Енді визалық офицерлер өтініш берушінің медициналық шығындарын өзі өтей алатынын да бағалауы тиіс. Сонымен қатар, оның жақын туыстарының, балалары немесе қарт ата-анасының денсаулығы да есепке алынады. Егер оларда созылмалы аурулар, мүгедектік немесе арнайы күтімді қажет ететін жағдайлар болса, бұл шешімге әсер етеді. Себебі мұндай күтім өтінім берушінің жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.

Бұған дейін виза рәсімдеу кезінде тек жұқпалы аурулар, екпелер және психикалық денсаулық мәселелері қарастырылатын. Енді бұл тізімге жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісік, диабет, зат алмасу бұзылыстары және неврологиялық дерттер кіреді. Алайда жаңа талаптар гуманитарлық санаттағы өтініш берушілерге – босқындарға қолданылмайды.

 

Соңғы жаңалықтар