Vesti.kz жазғандай, D тобының кездесуі елордадағы «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы алғашқы сәтте-ақ гол соғып, есеп ашты: ойынның 6-минутында «Қайрат» шабуылшысы Рамазан Бағдат көзге түсті.
Жерлестеріміз матчтың басым бөлігінде алда келе жатқанымен, ойын соңында капитан Сұлтан Асқаров жасаған ереже бұзушылықтан кейін қақпаға пенальти белгіленді.
90-минутта Молдова ойыншысы Николае Ротару пенальтиді дәл орындап, есепті теңестірді.
Осының нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында іріктеу турниріндегі жалғыз жеңіс бұрынғысынша тек Андорраға (1:0) қарсы матчта қалды. Бұған дейін Андрей Ферапонтов шәкірттері Англиядан (0:2), Андоррадан сырт алаңда (0:1) және Словакиядан (1:2) жеңілген еді.
Қазақстан келесі ойынын 2026 жылдың наурызында өз алаңында топтың көшбасшысы - Словакияға қарсы өткізеді.
D тобының турнирлік кестесі:
Словакия — 13 ұпай (5 матч)
Англия — 12 (4)
Ирландия — 7 (4)
Молдова — 4 (6)
Қазақстан — 4 (5)
Андорра — 3 (6)