Экономика • Бүгін, 11:16

«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Reuters агенттігінің мәліметінше, америкалық «Chevron» компаниясы ресейлік «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Chevron» компаниясы «Лукойл» активтерін сатып алуы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

АҚШ-тың ірі мұнай компаниясы «Лукойлдың» тек қайталанатын жобаларына қызығушылық білдірген.

Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі әлеуетті сатып алушыларға «Лукойлдың» шетелдік активтері жөнінде келіссөздер жүргізуге рұқсат берді. Осыдан кейін беделді инвестициялық қор Carlyle-дің де дәл осы активтерге қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.

Халықаралық нарықтағы есептерге сүйенсек, «Лукойлдың» шетелдегі активтері шамамен 22 млрд доллар көлемінде бағаланған (2024 жылғы мәлімет). Компанияның Қазақстандағы Қарашығанақ кен орнында – 13,5%, Теңіз кен орнында – 5% акциясы бар.

Сонымен қатар «Лукойл» Ирактағы ірі Батыс Құрна-2 жобасына қатысады.

«Chevron» компаниясы әзірге бұл ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ. Компания тек қысқа мәлімдеме жасап, «барлық әрекет заңдар мен нормативтерге толық сәйкес жүзеге асырылады» деп атап өтті.