Аймақтар • Бүгін, 11:31

Бір миллионнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне жүгінген

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған 3.0 бағдарламасы жалғасып жатыр. Саналы ата-ана болу дағдыларын дамыту және мектеп пен отбасы арасындағы өзара байланысты нығайтуды мақсат еткен бағдарлама аясында оқу жылының басынан бері педагогикалық қолдау орталықтары 30 мыңнан астам сабақ өткізіп, оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір миллионнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталықтарының көмегіне жүгінген

Фото: Ашық дереккөз

Өркен» КеАҚ президенті Елена Сәкенованың атуынша, ата-ана бала өмірінің бір бөлігіне айналғанда ғана бала қолдауды сезінеді. Өз-өзіне сенімі артады. Осындай сенімді қарым-қатынас эмоционалды жағынан тұрақты, бақытты бала және үйлесімді отбасының қалыптасуына ықпал етеді.

Бағдарлама аясында ата-аналарға арнайы дайындықтан өткен педагогтар мен психологтар дәріс беріп жатыр. Бүгінде еліміздегі отбасыларды «Тәрбиелеу – жеке үлгі арқылы» және «Балалардың қауіпсіздігі – ересектердің қамқорлығы» сияқты тақырыптар толғандырады. Осы тақырыптарда өткен сабақтарда ата-аналар сенімді нығайту, баламен эмоционалды байланыс орнату және тәуекелдердің алдын алу бойынша пайдалы кеңестер алады.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, бүгінде ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасы жақсарған. Зерттеу сұрақтарына сәйкес, ата-аналардың 72,6 пайызы балаларымен күнде сөйлесе бастағанын, 89,6 пайызы қиындықтарға дер кезінде жауап беріп үйренгенін, 78 пайызы баланың ортасын жақсы тани бастағанын атап өткен. Ал әрбір екінші ата-ана тәрбиелеу тәсілін қайта қарауға дайын екенін білдірсе, шамамен үштен бірі балалардың оқу және мәдени дамуына белсенді қатыса бастаған. «Адал Азамат» бағдарламасы аясында 2023 жылдан бастап еліміз мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталықтары жұмыс істеп жатыр. Орталық ата-аналарды қолдау мақсатында баланы тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізіп, практикалық құралдармен қамтамасыз етіп келеді.