АСТАНА. 21 наурыз. Ресейдің бұрынғы премьер-министрі Михаил Касьянов Батыстың өз еліне қарсы жариялаған санкцияларын дұрыс деп санайды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«Біз, Ресей демократтары, Батыс елдерінің бұл қадамын толық қолдаймыз. Сондай-ақ, тағы да санкцияға іліккен жекелеген адамдардың қатарын көбейтуге шақырамыз», дейді Ресейдегі «РПР - ПарНаС» оппозициялық партиясының тең төрағасы.
Әйтсе де ол Украина дағдарысы бойынша Минск келісімін жүзеге асыруға үміт пайда болған дәл қазіргі шақта тағы санкция жариялаудың мағынасы болмайтынын айтты.
Айта кетейік, Михаил Касьянов 2000-2004 жылдар аралығында Ресей Үкіметін басқарды. Одан бөлек 1999-2000 жылдары Ресейдің Қаржы министрі қызметін атқарды. 2005 жылдан бастап оппозициялық көзқарастарын білдіріп келеді. 2010 жылы Борис Немцов, Владимир Рыжков және Владимир Миловтармен бірге билікке қарсы коалиция құрып, кейін «Халық азаттығы партиясын» (ПарНаС) құрды. 2012 жылдың маусымынан бері «РПР - ПарНаС» оппозициялық партиясының тең төрағасы.
Еламан Қоңыр.
Дерек: РИА Новости.
Сурет: politrussia.com.

Президент Бразилияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Солтүстік Қазақстанға биыл 400 отбасы қоныс аударған
Қоғам • Кеше
Еліміздің туы Гималайдың 6189 метрлік Айленд-Пик шыңында желбіреді
Қазақстан • Кеше
Алтай шаңғысын жаңғыртқан шебер
Өнер • Кеше
Пікір • Кеше
Қоғам • Кеше