Денсаулық • Кеше

Жетісайда өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Казавиақұтқару» авиациялық қызметінің EC 145 тікұшақ экипажы Түркістан облысының Жетісай ауданынан санитарлық рейс орындап, 12 адамның өмірін қиған өрттен зардап шеккен 1986 жылғы ер адамды Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісайда өрттен зардап шеккендердің бірі тікұшақпен Шымкентке жеткізілді

Бұл туралы ақпаратты Түркістан облысының ТЖД баспасөз қызметі таратты.

– Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды, – деп түсіндірді ведомство.

Экипаж санитарлық рейсті сәтті орындап, зардап шеккен адамды Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізді. Тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды.