Қоғам • Бүгін, 10:40

16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  №119/120 «Алматы - Қостанай» бағытындағы жаңа «Тальго» пойызы 16 желтоқсанда жолға шығады, жаңа пойыз жұп күндері қатынап отырады, деп жазады Egemen.kz. 

16 желтоқсаннан бастап Алматыдан Қостанайға жаңа «Тальго» пойызы қатынайды

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Пойызда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы бейімделген орындар бөлінген, билет құнына 50 %-ға дейін жеңілдік қарастырылған.

600-ден астам жолаушыны тасымалдай алатын пойыз Қостанай, Тобыл, Атбасар, Астана, Қарағанды, Алматы сияқты ірі қалалар арқылы өтеді.

Пойыз толықтай заманауи «Тальго» вагондарынан жасақталғандықтан, бұл бағыттағы өзге пойыздармен салыстырғанда, жол ұзақтығы 12 сағатқа қысқарады. 

«Бұл шешім елдің оңтүстік пен солтүстік өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін күшейтіп, қысқы маусымда жолаушылар үшін жол жүруді едәуір қолайлы етеді», делінген хабарламада.