Қоғам • Бүгін, 15:01

Атырау мектептерін тышқан басып кетті

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Махамбет ауданының Бейбарыс ауылдық округінде тышқан көбейіп, осындағы екі мектептің оқушылары 19 қарашадан бері сабақты қашықтан оқуға жіберілді. Ал екі балабақша жұмысы уақытша тоқтатылды, деп жазады Egemen.kz.

Атырау мектептерін тышқан басып кетті

Сурет ЖИ көмегімен жасалды

Атырау облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Бейбарыс ауылдық округінде кеміргіштердің (тышқандардың) көбейгені анықталған. Осыған байланысты эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеу, балалардың денсаулығын қорғау мақсатында бірқатар алдын алу шарасы қабылданған.

«Бейбарыс ауылдық округіндегі екі мектеп пен екі балабақша бар. Оқушылар дәріс алатын мектептің бірі – А.Байтұрсынұлы атындағы білім ордасы, екіншісі – Талдыкөл орта мектебі. Эпидемиялық қауіптің алдын алу үшін 19 қарашада аталған мектептер сабақ уақытша қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Дезинфекциялық жұмыстарды толық әрі сапалы жүргізу үшін «Балдырған және «Балақай» балабақшасының қызметі уақытша тоқтатылды», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

тышқанСурет атыраулық журналист Жанат Жақсыбайқызының әлеуметтік парақшасынан алынды

Қазір арнайы мамандандырылған қызметтер тарапынан дезинфекциялау, санитариялық бақылау жұмысын жүргізу қолға алынды. Мектептер мен балабақшаларда қауіп толық жойылғаннан кейін оқу-тәрбие процесі қалыпты режимге ауыстыру көзделіп отыр.

«Облыстық білім беру басқармасы жағдайды толық бақылауда ұстап отыр. Тұрғындарды ресми ақпарат көзіне сенуге шақырамыз», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.