Ресми хатты ДДСҰ-ның Еуропалық бюросының жетекшісі Ханс Клюге жолдаған.
– Адамдарды құтқару міндетін атқару кезінде Астанада жас медицина қызметкерінің қаза болуына байланысты шынайы көңіл білдіремін.
Түркістан облысының Алғабас ауылында 9 баланы қоса алғанда, үлкен отбасының қаза болуына байланысты Қазақстанға аса қайғырып көңіл айтамыз. Балалардың өрттен қаза болуы – аса ауыр қайғы, жақындарының қандай қасірет шеккенін елестету мүмкін емес. Қажет болған жағдайда ДДҰ көмек көрсетуге дайын, – деп жазды ол денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға.