Аймақтар • Кеше

Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт шығып, жеңіл көлік өртенді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт болып, жеңіл көлік алапат отқа оранды. Оқиға туралы мәліметті өңірлік ТЖД растады.

Ақтауда Qazaq Oil жанармай бекетінде өрт шығып, жеңіл көлік өртенді

22 қараша күні кешкі сағат 20:00 шамасында «Qazaq Oil» жанармай құю станциясының маңында тұрғындар қою түтін мен лапылдаған отты байқаған. Куәгерлер АЖС өртеніп жатыр деп болжап, алаңдаушылық білдірген.

Алайда өңірлік ТЖД бұл мекенжай бойынша ешқандай шақырту түспегенін хабарлады.

Кейін белгілі болғандай, дүрбелеңге себеп – 1995 жылы шығарылған Volkswagen Passat. Көліктің мотор бөлігінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан от тұтанған. Абырой болғанда, жалын өршімей, көлік иесі өртті өз күшімен тез арада өшірген. Зардап шеккендер жоқ, жанармай бекетінің жұмысына ешқандай кедергі келмеген.

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше