Қоғам • Бүгін, 12:14

Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде еліміздегі заманауи Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды. Зертханада теория тәжірибемен ұштастырылып, идеялар іске асырылып, өнеркәсіп пен IT саласына қажетті жобалар әзірленеді, деп жазады Egemen.kz.

Талдықорғанда Fab-Lab инновациялық зертханасы ашылды

Фото: Oqu-agartu ministrligi

Fab-Lab (Fabrication Laboratory) – әлемнің жетекші оқу орындары қолданатын цифрлық өндіріс зертханалары желісінің халықаралық форматы.

Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің басшысы Әсет Мұхамбетовтің айтуынша, Жұмысшы мамандықтар жылында осындай заманауи зертханалардың ашылуы – еліміздің болашақ инженерлері мен техниктерін дайындаудағы үлкен стратегиялық қадам.

«Fab-Lab жастардың тек оқып қана қоймай, нақты өнім жасап, инновациялық жобалар әзірлеуіне мүмкіндік береді. Бұл – еңбек нарығына қажетті жаңа буын мамандарын қалыптастырудағы маңызды бастама», дейді Ә.Мұхамбетов.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, зертхана үш негізгі бағытта жұмыс істейді:

- Робототехника зертханасы – NAO гуманоид роботтары мен WorldSkills стандарттарына сай платформалар арқылы құрастыру және бағдарламалау дағдыларын дамытуға арналған.

- 3D модельдеу және 3D басып шығару зертханасы – Fusion 360, SolidWorks, Blender бағдарламаларында прототиптер мен цифрлық модельдер жасауға мүмкіндік береді.

- Жасанды интеллект зертханасы – Python, машиналық оқыту, компьютерлік көру және нейрондық желілер бойынша практикалық білім алуға бағытталған.