Қоғам • Бүгін, 07:38

Ел басшысы атынан марапаттады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан халықаралық Silk Way Star музыкалық жобасының қатысушылары мен ұйымдастырушыларын марапаттады.

Ел басшысы атынан марапаттады

Музыка өнеріндегі жарқын жетістіктері мен халықтар достығын нығайтуға қосқан үлесі үшін Silk Way Star жобасының жеңімпазы Мишель Джозеф (Моңғолия) ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар қатысушы мен ұйымдастырушы Президенттің Алғыс хатына ие болды.

Ерлан Қарин жобаның басты ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Президентінің телерадио кешеніне және Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорация­сына ризашылық білдірді.

Мемлекеттік кеңесші Silk Way Star музыкалық байқауы халықаралық жоба ғана емес, халықтар арасындағы шынайы достық пен нағыз шығарма­шылық алаңына айналғанын атап өтті.