Қоғам • Бүгін, 12:39

Аялдаманы қиратқандар қамауға алынды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада құқық қорғау органдары аялдама павильонын қиратып кеткен кезекті тәртіп бұзушыларды анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аялдаманы қиратқандар қамауға алынды

Фото: Астана әкімдігі

Аялдамада түнгі уақытта шу шығарған үш жас жігіт ұсталды. Олардың бірі екіншісін итеріп жіберіп, ол құлап бара жатып павильонның шыны есігін сындырған. Сол жерге дереу жеткен полицейлер аялдама маңындағы аулалардың бірінен күдіктілерді тауып, бөлімшеге жеткізген.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сот шешімімен олардың екеуі бөтеннің мүлкін бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әрқайсысы он тәулікке қамауға алынды. Үшінші вандал түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты шеңберінде вандализмнің барлық түріне және қоғамдық тәртіпті бұзушылыққа қарсы жүйелі күрес жалғасып жатыр.