Оқиға • Бүгін, 13:09

Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына байланысты деректер жақында жарияланады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағына қатысты тергеу нәтижесі жыл соңына дейін жарияланады, деп жазады Egemen.kz.

Ақтау маңында құлаған Әзербайжан ұшағына байланысты деректер жақында жарияланады

Фото: ТЖМ

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.

Мақсат Қалиақпаров алғашқы алдын ала тергеу қорытындысы үш ай ішінде жарияланғанын еске салып, қазір күрделі сот-медициналық сараптамалар жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауы күрделі тергеп-тексеру жұмысын талап ететіндіктен, нақты мына күні нәтиже жарияланады деп айта алмаймын. Бастысы, нақты қорытынды қолға түскенде БАҚ өкілдеріне ақпарат беріледі», деді Көлік вице-министрі.

Бұған дейін БАҚ-та құлаған ұшақтың эксклюзив суреттері жарияланған. 

Айта кетейік, Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстанның 6 азаматы болған еді. Қазақстан тарапы апаттан көз жұмған шетелдіктердің мәйітін Әзербайжанға жеткізуге қол ұшын созған.